ШЖҚ «Теректі ауданының 2- ауруханасы» МКК БҚО әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасы
0
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы


Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1131 қаулысы.

      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидалары бекітілсін.
  2. "Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1077 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 955-құжат) күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының

 

Премьер-Министрі

К.Мәсімов

 

 

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1131 қаулысымен
бекітілген

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 04.02.2020 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу тәртібін айқындайды.
  2. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы түрінде жүзеге асырылатын көтермелеу белгіленеді.

      Параның немесе келтірілген залалдың сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспайтын немесе залалы жоқ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы мынадай мөлшерде белгіленеді:

      1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК;

      2) онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК;

      3) ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК;

      4) ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК;

      5) аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК.

      Пара немесе келтірілген залал сомасы немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер құны бір мың АЕК асатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы пара немесе келтірілген залал немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер сомасының он пайызын құрайды, бірақ төрт мың АЕК-тен аспайды.

      Осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген жағдайларда грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау түріндегі көтермелеулер белгіленуі мүмкін.

      Көтермелеу мөлшерін айқындау кезінде осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген актілер күшіне енген күні қолданыстағы айлық есептік көрсеткіш қолданылады.

  1. Көтермелеуді қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

2-тарау. Көтермелеудің шарттары, негіздері және тәртібі

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдемдесу:

      1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабарлауды;

      2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беруді;

      3) кейіннен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу үшін маңызы болған өзге де жолмен жәрдемдесуін қамтиды.

  1. Көтермелеу адам берген ақпарат шындыққа сәйкес болса не егер адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесу сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге ықпал еткен болса және айыпты адамға қатысты:

      1) әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енген;

      2) айыптау үкімі заңды күшіне енген;

      3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларының немесе 36-бабының негізінде соттың қылмыстық істі тоқтату туралы қаулысы заңды күшіне енген, қылмыстық қудалау органының қылмыстық істі тоқтату туралы қаулысын прокурор бекіткен жағдайда ғана жүзеге асырылады.

  1. Егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамның ақпараты негізінде:

      1) ауырлығы әртүрлі дәрежедегі бірнеше қылмыс анықталса, біржолғы ақшалай сыйақыны төлеу олардың анағұрлым ауыры үшін осы Қағидалардың 2-тармағында белгіленген мөлшерде жүзеге асырылады;

      2) ауырлығы бірдей дәрежедегі бірнеше қылмыс анықталса, біржолғы ақшалай сыйақыны төлеу бір рет жүзеге асырылады.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 22-бабының 2-тармағында көрсетілген органдар (бұдан әрі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын органдар) көтермелеуге құқығы бар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарға көтермелеуге өтініш беру тәртібі туралы түсіндіреді.
  2. Уәкілетті органға не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын органдарға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдескен адам көтермелеу құқығы туындағаннан кейін, жәрдем көрсетілген органға көтермелеу туралы өтінішпен жүгінеді және осы Қағидалардың 9-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қоса береді.
  3. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген адам жүгінген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын орган уәкілетті органға мынадай құжаттарды жібереді:

      1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын органның өтінішхаты;

      2) ақпаратты есепке алу кітабында, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген өтініштің, сондай-ақ адамның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі бойынша ақпаратының немесе адамның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге жәрдемдескенін растайтын өзге де құжаттардың көшірмесі;

      3) әкімшілік істер бойынша:

      әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау туралы қаулының көшірмесі;

      заңды күшіне енген әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысының көшірмесі;

      4) қылмыстық істер бойынша:

      заңды күшіне енген айыптау үкімінің не Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының бірінші бөлігінің негізінде қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмесі;

      5) біржолғы ақшалай сыйақыны төлеу үшін адамның жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі және жеке немесе өзге шотының банктік деректемелері қамтылуы тиіс.

  1. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 8 немесе 9-тармағында көрсетілген құжаттарды алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын әрі осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.

      Құжаттардың пакеті толық ұсынылмаған, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдескен адам және (немесе) көтермелеу үшін қажетті ұсынылған материалдар, объектілер, деректер мен мәліметтер осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган осы тармақта көрсетілген мерзімде өтінішті не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын органның өтінішхатын қараудан негізді бас тартады.

      Осы Қағидалардың 8 немесе 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қараудан бас тарту себептері жойылған жағдайда өтініш беруші не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын орган осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қайта жүгінеді.

  1. Осы Қағидалардың 8 немесе 9-тармағына сәйкес қажетті материалдар мен ұсынылған құжаттар көтермелеу туралы өтініш не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын органның өтінішхаты келіп түскен сәттен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті орган құратын Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеуге арналған материалдарды қарау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) отырысына шығарылады.
  2. Комиссия көтермелеу туралы өтініш не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын органның өтінішхаты келіп түскен сәттен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамды көтермелеу туралы шешім қабылдайды не ұсынылған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған жағдайда көтермелеуден бас тартады.
  3. Комиссия сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамды көтермелеу туралы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысы көтермелеу туралы бұйрық шығарады, ол біржолғы ақшалай сыйақыны төлеу үшін негіз болып табылады.
  4. Біржолғы ақшалай сыйақыны төлеу уәкілетті органның міндеттемелері мен төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде адамның жеке не өзге шотына аудару жолымен жүргізіледі.
  5. Біржолғы ақшалай сыйақыны төлеуден бас тартқан жағдайда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдескен адам жәрдем көрсетілген органға тиісті өтініш береді.

      Егер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын орган көтермелеуге арналған материалдарды уәкілетті органға берген жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өтініш уәкілетті органға беріледі.

      Бұл ретте уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшелері тиісінше уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесі басшысына адамды грамотамен марапаттау не оған алғыс жариялау туралы өтініш жасауы мүмкін.


Қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы https://publicbudget.kz Бюджеттен бөлінетін қаражатты жариялау және бақылау, шағымдарды, пікірлерді жинау және ақпаратты талдауға арналған жалпыға қолжетімді сыртқы ресурстағы сервис. Бұл бюджет транспаренттілігінің және елдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірегей тәжірибесі.

Басқарманың сенім телефоны

504504

Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының сенім телефоны

509337

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

 

Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің сенім телефоны

 

Кезекші бөлім

Мекенжайы: Орал қаласы, Құрманғаз көшесі, 89/1-үй

 

1424

 

 

 

98-47-20

 

 

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ

ШЖҚ «Теректі аудандық ауруханасы» МКК

 

№ п.п.

 

Лауазым атауы

 

Аты-жөні

 

Айлық жалақы, 2018 жыл, теңге

 

2017 ж. жылдық табысы, теңге

1.

Директор

Кубаев Бекзат Утегенович

246984

4587015

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік видеороликтер

 

 

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы

 

Батыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2015 – 2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарына мониторинг жасау жөніндегі жедел есеп

 

Батыс Қазақстан облысы әкімінің 2015 жылғы 11 маусымдағы №27 «Батыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы

 

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексi туралы

 

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығы

 

Мемлекеттiк мүлiк туралы

 

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңы

 

Қазақстан Республикасындағы тiл туралы

 

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегi N 151 Заңы

 


 

Қазақстан Республикасының Конституциясы

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

 

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы

 

Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы

 

Қазақстан Республикасының Президентi туралы 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

 

Әкімшілік рәсімдер туралы