ШЖҚ «Теректі ауданының 2- ауруханасы» МКК БҚО әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасы
0
Аурухана туралы

Мекеменің Мақсаты. Тұрғандардың сұранысына сай, тиімді әрі қол жетімді алғашқы медико-санитарлық,стационарлық көмек көрсету арқылы олардың денсаулығын сақтау.

Амбулаториялық-емханалық қызметі бар, Теректі ауданының 2- ауруханасының атқарып отырған қызметі тұрғындарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсетіп денсаулық  сапасын жақсартуға, Қазақстан Республикасының Үкіметінің , Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің,  денсаулық сақтаубойынша бұйрықтары мен қаулыларын орындауға, мемлекеттік тапсырысты орындау мен ақылы қызмет көрсетуге бағытталған.

Теректі ауданыны 2- ауруханасының құрылысы 2008 ж басталып, 2010 ж шілде айында аяқталды. Пайдалануға 06.07.2010 ж беріліп, халыққа қызмет көрсетіп келеді . қамтылу радиусі – 115 шақырым шамасында.

Аурухана 100 мектеп, 100 аурухана бағдарламасы бойынша салынды. Аурухана аймағы қоршалған, жарықтандырылған және асфальттандырылған. 5-корпустан тұрады , ғимараттың жалпы көлемі-6562 кв.м. Аурухана орталықтандырылған  коммуникациялық жүйелермен қамтамасыз етілген.Аурухананың аумағы тәулік бойы бейнебақылауда.

Аурухана директоры : Кубаев Бекзат Утегенович-дәрігер хирург,жоғарғы және екінші санаттағы дәрігер

 «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің,сыртқы кешенді бағалау нәтижелері және аккредиттеу комиссиясының шешімі бойынша 2016 жылғы желтоқсанда  Аурухана 3 жылға аккредиттелген деп танылды.

ШЖҚ «Теректі ауданының 2- ауруханасы» МКК Акжайык ауылында Акжайык 2 көшесінде орналасқан және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны занды мәртебесіне ие.

Ауданда  1 отбасылық денсаулық орталығы, 3 дәрігерлік амбулатория,  16 медициналық пункт,  60 кереуетті бір тәуліктік стационар,  тәуліктік стационар,20 кереуетті медбикелік күтім бөлімі және 56 кереуетті  күндізгі стационар және 20 кереуетті инфекциялық стационар халыққа  қызмет көрсетеді, және    олар    медициналық    қызметтің   19  түрі   бойынша  мамандандырылған    көмек   көрсетеді.

 

Аудандық денсаулық сақтау саласында 16 дәрігер және 93 орта буынды медициналық қызметкерлер жұмыс атқаруда. Аурухана штатында жоғары және бірінші,екінші біліктілік санаты бар дәрігерлер жұмыс істейді.   Біріңғай  халыққа тіркелімі бойынша халық саны - 9106, соның ішінде 2312 балалар, 374 жасөспірімдер және 6420 ересек тұрғындарға қызмет көрсетеді. Ал 2019 ж халық саны -9448,соның ішінде 2490 балалар, 354 жасөспірімдер және 6604 ересек.

Обл.Статистика Департментінің мәліметі бойынша тұрғындар саны –10863, оның ішінде ересектер саны - 7727, балалар саны – 2786, жасөспірімдер саны -  350, бала туу жасындағы әйелдер саны – 1683

Аурухананың құжатайналым жүйесінде жаңа технологиялар іске асырылды. Казмед ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Пациенттердің ауыру тарихы , олардың электрондық амбулаториялық карталары  мен бейненің цифрлық өңделуіне негізделген, бұл клиниканың қағазсыз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Ағымдағы жылдың  12- айлық көрсеткіші бойынша демографиялық ахуал 2019жылмен салыстырғанда төмен :

Туу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 161-ден (14,8)   - 143-ке (13,1)  жетіп,  табиғи өсім 9,1 - ден 5,3-ке төмен.

Жалпы өлім –жіті көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 62-ден (5,7)- 85-ке (7,8)жоғары.

1-орында Жүрек қан тамыр аурулары 16жағдай

2-орында Тыныс алу жүйесі- 9жағдай

3-орында қатерлі ісік аурулары мен Нерв және ,Ас қорыту жүйесі аурулары-7жағдай

Халыққа стационарлық көмек көрсетуі бойынша : 2020 ж стационарда ем алғандар саны –499 науқас  / 2019 ж -636 науқас ,азаю себебі карантиндік режимге байланысты.

 Стационар алмастырғыш деңгейде емделгендер саны – 1441 науқас / 2019 ж  - 2050науқас,азаю себебі карантиндік режимге байланысты,жоспарлы госпитализацияның тоқтатылуы.

Медициналық оңалту,реабилитациялық бөлім деңгейінде емделгендер саны -2020ж -25 / 2019ж- 41 .

Аурухана бойынша қабылданған науқастар саны  - 2020ж-41691 /2019ж- 47751.

Алғашқы аурушаңдық – 4033 науқас анықталып / көрсеткіш – 36955,92 болса , ал 2020 ж  -  4501науқас анықталып / көрсеткіш – 41434,22 құрады.

Теректі ауданының 2 -  ауруханасында  штат бойынша  дәрігерлік бірлік - 21,5,  қамтылғаны – 17,5 бірлік, жеке тұлғалар саны, яғни қазіргі таңда қызмет жасап жатқан дәрігерлерлер саны – 15,оның 1– уі декреттік демалыстағы мамандар ( терапевт – 1, ).  Жетіспеушілік – 5маман, атап көрсететін болсақ : Онколог, офтальмолог және психиатр ,инфекционист,реаниматолог мамандары.

Теректі ауданының 2 -  ауруханасына 2019 ж тамыз айында 2 жас маман «Дипломмен ауылға » бағдарламасы бойынша келіп, қызметке алынды, атап кететін болсақ 1 – хирург (Теректі ауданының 2 ауруханасына) , 1 – ЖТД .(Сарыөмір ДА)

«Дипломмен ауылға » бағдарламасы бойынша 2 жас мамандарға бір реттік көтерме жәрдемақы жәнеүймен қамтамасыз етілді. 2020ж 1дәрігер(мамандығы-Терапевт.)және 2 фельдшер,11 медбике жас мамандары қызметке алынды.

 

01.01.2020 ж ӘМСҚ толықтай көшуімізге байланысты барлық отбасылық аймақтарының тұрғындары Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК)   және  Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру (МӘМС)  осы 2 пакет бойынша 2020ж  EGOVпорталы арқылы мемлекеттік тапсырыс беріліп оң мәнді аяқталды. Барлық нормативтік база қалыптасты, негізгі медициналық ақпараттық жүйелер іске қосылды, медициналық қызметтердің екі пакетінің, жарналар мен аударымдардың ставкалары бекітілді, жеңілдік жасалған санаттардың тізімі кеңейтілді.Сонымен қатар, МӘМС аясында жұрт жиі пайдаланатын, сұраныс жоғары медициналық қызметтер қолжетімді бола бастады,атап айтқанда қымбат тұратын қызметтер: КТ,МРТ,ПЦР

Халықты медициналық сақтандыруға қатыстыру мәселесі өзекті мәселе болғаннан кейін ,  Елді-мекендерді аралап халыққа МӘМС енгізуге дайындық, түсіндірме жұмыстары   жүргізілуде. Әлеуметтік желілер арқылы ақпараттар таратылды, сонымен қатар ТМККК (Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлем) және МӘМС пакеттеріне, төлем жасау тәсілдері мен берешекке қатысты сауалдар туындаған болса, 1406 нөмерін теріп, бірыңғай Call-орталығына хабарласу керектігі туралы ақпараттар мен брощюралар,плакаттар ілінді.

Халыққа, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендер МӘМС жүйесіне тез қосылу үшін медициналық сақтандыру қорына төлем жасайтын және бірден сақтандырылған мәртебесін алу үшін Теректі ауданының2-ауруханасы терминалдар орналастыруға тапсырыс жасалып,орнатылуын 2020ж дейін күтілуде.Құжаттары дайын. Қазпочта  арқылы халық  сақтандырылу  төлемін  төлей алады.Сақтандырылған статусқа ену үшін жарнаны түгел 1 жылдық төлеу керек:  1 ай ,3 ай, 6 айлық жарна төлегендер сақтандырылмаған статуспен тұрады. Соған байланысты  жарнаны толық төлеу қажет. Жұмыс жасамайтындарға  1 айлық жарна құны 2 125 тг.   Осы мақсатта  2020 ж . тамыз  айынан бастап ауруханамыздың 1 –қабатына терминал орнатылды.

ШЖҚ «Теректі ауданының 2- ауруханасы» МКК  бойынша  міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру жүйесіне енгізілмеген  1577 адамның   149- жұмыс жасайтындар, 102 - көшіп кеткендер ,  7 - өзін өзі нәтижесіз жұмыспен қамтушылар                        9- шаруа қожалық иелері мен жұмыс жасайтындар,   2- зейнеткерлер, 8 -қайтыс болғандар,   939  - жұмыссыздар,   2 - студендер   , мүгедектер -2,    296-үй шаруасындағылар әйелдер (домохозяйка),  биржа жанынан тіркелгендер -4, 47 - жеке кәсіпкер екені анықталды. Осы сақтандырылмағанның ішінде -10 адам  бүгінгі таңға 17.09. 2020ж. сақтандырылды.

МӘМС тақырыбында аурухананың 1 қабатында видиороликтер көрсетіледі. Барлық қабаттарда ,холдарда , бөлімшелерде МӘМС бойынша парақтар , брошюралар үлестіріледі және қабылдауға келген пациентерге медицина қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.  МӘМС бойынша 1 мақала  аудандық газет бетіне берілді, сонымен қатар  әлеуметік жүйелерге  үнемі МӘМС бойынша ақпараттар салынып, жаңартылып отырады.

 

Елбасымыздың жарлығы бойынша ,Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 16) тармақшасына және «Төтенше жағдай туралы» қаулысына сәйкес:

  1. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында  2020  жылғы  16  наурыздағы   08  сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай енгізілген болатын, бірақ та төтенше жағдай қажет болған жағдайда созылуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Осыған байланысты ,төтенше жағдайдың күшінде болу кезеңінде бірқатар профилактикалық шаралар және уақытша шектеулер жарияланды: карантин енгізілді, санитариялық-эпидемияға қарсы ауқымды іс-шаралар өткізілді, медицина қызметкерлеріне алдын алу шаралары мен жұмыс тәртібі туралы толықтай түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Сонымен қатар  Облыстық Денсаулық Сақтау Басқармасының  №60 н/қ (ОДСБ) «COVID-19 короновирус инфекциясына күдікті және инфекция анықталған жағдайда санитариялық-эпидемияға қарсы профилактикалық емдеу іс-шараларын одан әрі күшейту туралы» бұйрығына сәйкес  Аурухана базасында -20 төсек карантиндік стационар сәуір айынан бастап  ашылды. Және де Мониторинг жүргізетін,іс-шараларды үйлестіру жөніндегі жұмыс тобы,құрамы құрылды.  Карантиндік стационарда 28.04.2020ж -29.06.2020ж аралығында 78 науқас емделіп шығарылды.  Облыстық Денсаулық Сақтау Басқармасының  №293 н/қ (ОДСБ) 29.06.2020ж Инфекциялық және провизорлық  төсек орындарын ашу туралы бұйрығы бойынша  «Теректі ауданының2-ауруханасы» ШЖҚ МКК-да инфекциялық 20-төсек орын ашылды. Инфекциялық стационарда 03.07.2020-12.08.2020ж аралығында 36  науқас емделіп шығарылды. 

Облыстық Денсаулық Сақтау Басқармасының   №387н/қ 11.08.2020ж бұйрығымен   , 12.08.2020 ж «Теректі ауданының2-ауруханасы» ШЖҚ МКК-дағы Инфекциялық стационары толық жабылды.

 

 

 

Өзекті мәселелер:

  • Ауруханаға дәрігер мамандарының жетіспеушілігі
  • Интернет ресурстарына қолжетімсіз (МП , -0,6mb/s)
  • Аурухана косметикалық жөндеу жүргізуді қажет етеді .

             Шешу жолдары :

  • Аудан әкімімен бірлесе отырып өзге аймақтардан мамандарды әлуметтік пакет беру арқылы мамандарды тарту.
  • Мамандардың тапшылығына байланысты облыс мамандарымен үнемі байланыста болу : БҚО бойынша штаттан тыс педиатр невролог,травматолог, онколог мамандары.
  • COVID-19 коронавирусын пандемиясының күшеюінің алдын-алу мақсатында патронаждық жұмыс балалар ,жүкті әйелдер және 65жастан жоғары адамдар арасында күшейтілсін және мониторинг жүргізілсін.

 

 

 

Директор                                       Кубаев Б.У