ШЖҚ «Теректі ауданының 2- ауруханасы» МКК БҚО әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасы
0
Аурухана туралы

Мекеменің Мақсаты. Тұрғандардың сұранысына сай, тиімді әрі қол жетімді алғашқы медико-санитарлық,стационарлық көмек көрсету арқылы олардың денсаулығын сақтау.

 

Амбулаториялық-емханалық қызметі бар, Теректі аудандық  ауруханасының атқарып отырған қызметі тұрғындарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсетіп денсаулық  сапасын жақсартуға, Қазақстан Республикасының Үкіметінің , Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің,  денсаулық сақтаубойынша бұйрықтары мен қаулыларын орындауға, мемлекеттік тапсырысты орындау мен ақылы қызмет көрсетуге бағытталған.

 

Аурухана аймағы қоршалған,жарықтандырылған және асфальттандырылған. 5-корпустан тұрады ,ғимараттың жалпы көлемі-2953,6кв.м ,.Аурухана орталықтандырылған  коммуникациялық жүйелермен қамтамасыз етілген. Аурухананың аумағы тәулік бойы бейнебақылауда.

 

Аурухана директоры : Кубаев Бекзат Утегенович-дәрігер хирург, жоғарғы және екінші санаттағы дәрігер.

 

Директор орынбасарының міндетін атқарушы-Аденова Саягүл Қайыржанқызы-дәрігер фтизиатр,бірінші санатты дәрігер.

 

Теректі аудандық ауруханасы 2010ж  құрылғаннан бастап халыққа қызмет көрсетіп келеді.   

 

БҚО әкімдігінің 2012ж 15  тамыздағы №154 «Денсаулық сақтау жүйесіндегі кейбір коммуналдық кәсіпорындардың мәселелері туралы» қаулысы бойынша біріктіріліп 2012 жылдың тамыздың 6-нан бастап бекітілді.  

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің,сыртқы кешенді бағалау нәтижелері және аккредиттеу комиссиясының шешімі бойынша 2016 жылғы желтоқсанда  Аурухана 3 жылға аккредиттелген деп танылды.

 

«Теректі аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК Акжайык ауылында Акжайык 2 көшесінде орналасқан және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны занды мәртебесіне ие.

 

Ауданда  1 отбасылық денсаулық орталығы, 3 дәрігерлік амбулатория,  16 медициналық пункт,  60 кереуетті бір тәуліктік стационар,  тәуліктік стационар және 56 кереуетті  күндізгі стационар халыққа  қызмет көрсетеді, және    олар    медициналық    қызметтің   19  түрі   бойынша  мамандандырылған    көмек   көрсетеді.

 

Аудандық денсаулық сақтау саласында 13 дәрігер және 90 орта буынды медициналық қызметкерлер жұмыс атқаруда. Аурухана штатында жоғары және бірінші,екінші біліктілік санаты бар дәрігерлер жұмыс істейді.   11136 халыққа, соның ішінде 2433 балалар, 369 жасөспірімдер және 8334ересек тұрғындарға қызмет көрсетеді.

 

Аурухананың құжатайналым жүйесінде жаңа технологиялар іске асырылды. Казмед ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Пациенттердің ауыру тарихы олардың электрондық карточкалары мен бейненің цифрлық өңделуіне негізделген, бұл клиниканың қағазсыз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

 

Ағымдағы жылдың  9 - айлық көрсеткіші бойынша демографиялық ахуал бір қалыпты :

 

Туу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 102 - ден (9,1)  109-ға (9,7) жетіп,  табиғи өсім 2,9 - дан 4,6-ға көтерілді.

 

Жалпы өлім-жітім көрсеткіші 70-тен (6,2)  56-ға (5,1)  төмендеп  отыр.

 

  • орында жүрек қан тамырлары ауруы - 11 жағдай – 19,6%
  • Қатерлі ісік аурулары – 9 жағдайдан – 16,0 %
  • Тыныс алу жолдары аурулары мен асқорыту жүйесінен – 7 жағдай -12,5%
  • Асқорыту жүйесі аурулары - 6 –10,7% 
  • Жарақаттар мен уланулардан -4 жағдай-7,1%

 

Бала өлімі мен ана өлімі тіркелген жоқ.

 

Әлеуметтік  маңызы бар аурулардан өлім – жітімді төмендету бойынша енгізілген жол картасының орындалуы : 

 

Нысаналы топтардын арасында жүргізіліп отырған профилактикалық тексерудін арқасында  жүрек қан тамыр ауруларынын аурушандық көрсеткіші 219 жағдайдан 214 жағдайға төмендеп  отыр. Қазіргі уақытта нысаналы топтардын 90% скринингілік тексеруден өткізіліп, өткен жылмен салыстырғанда анықталу көрсеткіші  артып келеді.

 

Онкология кабинетінде барлығы «Д» есепте -65 науқас бақыланады. Жаңадан есепке алынғаны -11  науқас. 2018 жылдың 9 айында  обыр ауруымен 11 жағдай тіркеліп  -98,7 көрсеткіш болды. 2017 жылдың  айлық  қорытындысымен  салыстырғанда жоғарланған, 14жағдай – көрсеткіш -126,0. 2018 жылға асқыну түрімен анықталған -2/1 жағдайда  визуалды локализация ,1 жағдай  өкпе Сч-і .Екі жағдайда талқыланды,себептері анықталды.4-ші аймақ боынша жыл сайын  алдын ала тексерілуден өтіп,....2-сі 7-ші аймақтан Шағатай ДА-сы бойынша үнемі қаралып,оталық ем алған науқас.

 

Анықталғандардың ішінде І-ші,ІІ-ші сатыдағылары-8-72%.

 

2018 жылдың ІІІ-ші тоқсанында жарақаттану және жазатайым оқиғалардан болатын өлім жітімді төмендету жөніндегі жұмыс тиімділігін артыру бойынша Теректі АА-ң психолог маманымен бірлесіп жұмыстанып,тіркелген суицидтерге сараптама жүргізілді.Теректі АА-ң деңгейінде ІІІ-тоқсан қорытындысы бойынша 3 аяқталған суицид тіркелді, яғни өлімжітімен аяқталды – көрсеткіш 26,9.Сараптау кезінде  3-де ер жынысты,жұмыс жасамайтын жұмыс жасау қабілеті бар топтан – 2,зейнеткер -1.

 

Себептері бойынша : Қаражат мәселесі бойынша – 1 / 33% ; Отбасылық кикілжің бойынша – 1/ 33%; Онклогиялық ауруы бойнша Д есептен – 1/ 33%. Жас тобы бойынша :  20-29 ж – 1;50-59 ж – 1; 60-69 ж – 1.

 

Структурасы бойынша : 2 – жағдайда механикалық асфиксия –Х 70 (асылу), 1 – жағдайда белгісіз химиялық затпен улану.1-жағдай суға кету,(Сарыөмір ауылы бойынша баспанасыз жалғыз басты адам,Орал қаласында суға кеткен)

 

Өткен 2017 ж мен салыстырғанда 4 жағдайға төмендеп отыр.

 

2018 ж аяқталмаған суицид тіркелген жоқ / 2017 ж -2 жағдай .

 

Жасөспірімдер арасында суицид жасауға кауіпі барларды анықтау мақсатында ЮНИСЕФ бағдарламасы боыйнша Обл.жүйке аулурына қарсы диспансер көлемінде 4- ЖТД,1-психоневролог,1-аудандық аурухана психологы,4-мектеп психолгтары оқытылып,9-11 сынып арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнама қорытындысы бойынша 2 жасөспірім  «суицид жасау қауіпі» бар деп танылып,ЖТД мен,психоневрологпен қаралып,бүгінгі таңда ата-анасымен бирге психолог маманымен кенес жүргізілуде .1- жағдайда психолог маманың кеңестерін толығымен аяқтады, « бақылауға» алынды.

 

Жарақаттар мен уланулардан өлім-жітім көрсеткіші 71,8-ден (8 жағдай 2017 ж) 35,9-ға (4 жағдай 2018 ж) төмендеп отыр.

 

Өткен жылмен салыстырғанда туберкулезмен аурушандық көрсеткіші 35,9-дан (4 жағдай 2017 ж)  17,9-ға (2 жағдай 2018 ж) жетіп отыр .Бацилярлы науқас анықталған жоқ. 1-жағдайда ауру жасөспірім арасында тіркеліп отыр. Соған қарамастан ауруханамыз бойынша  туберкулезден өлім-жітім  жағдайы тіркелген жоқ.

 

Физикалық белсенділікті арттыру мақсатында жекеленген санаттағы тұрғындар арасында скринингтік тексеру жүргізілуде,жоспарланғаны 1320/ 1236-93,0 % ,семіздіктің алды жағаймен анықталғаны – 35,бүгінгі таңда психолог маманына кеңес алып,салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінде сабақ өтуде.

 

Сонымен қоса физикалық белсінділікті арттыру мақсатында жастар арасында с/о әкімдігімен бірлесіп ұлттық ойындар – 3, спорттық шаралар  - 10 , медицина қызметкерлер арасында спорттық жарыс өткізілді -1.Теректі АА-сы жұмыс күнін ертеңгілік жаттығудан бастайды және ұжымда коллективтік топ құрылып жұмыс аяғында дене шынықтыру жаттығулары жүргізіледі.

 

Теректі АА-ң салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинеті 2018 ж мамыр айынан бастап қайта жандандырылып, денсаулық мектептері іске қосылды: ЖҚА мектебі, жас аналар мектебі, бронх демікпесі мектебі, денсаулық мектебі, қант диабеті мектебі. Мектептердің жұмыс жасау кестесі мен жауапты дәрігерлер  мен сабақтары жасақталып бекітілді. Барлық қамтылған науқастар саны 27.  

 

Өзекті мәселелер:

 

  • Ауруханаға дәрігер мамандарының жетіспеушілігі
  • Интернет ресурстарына қолжетімсіз (ДА,МП ,өз ауруханамызда -0,6mb/s)
  • Аурухана косметикалық жөндеу жүргізуді қажет етеді .

 

Шешу жолдары :

 

  • Облыс әкімі 2017 жыл бойы атқарылған есеп беруі кезінде,2018 – 2020 жылдарға коммуникация және байланыс министрлігімен жоғарғы жылдамдықтағы интернет өткізу бойынша меморандумға қол қойылғандығын атап өтті.
  • Аудан әкімімен бірлесе отырып өзге аймақтардан мамандарды әлуметтік пакет беру арқылы мамандарды тарту.
  • Мамандардың тапшылығына байланысты облыс мамандарымен үнемі байланыста болу : БҚО бойынша штаттан тыс педиатр невролог,травматолог, онколог мамандары.

 

 

Директор                                       Кубаев Б.У